• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:36:55
Алматы
+35°

90 жастағы Уильям Шатнер "Blue Origin" компаниясының капсуласымен суборбитаға көтеріліп, адамзат тарихындағы ғарышқа ұшқан ең қарт адам атанды.

Голливуд актері Уильям Шатнер "Жұлдызды трек" фильмдері мен сериалдарында капитан Джеймс Т Кирк рөлін сомдаған. Ол Техас шөлінен үш адаммен бірге суборбитаға ұшты .

"Amazon"-ның негізін қалаушы Джефф Безостың "Blue Origin" деп аталатын ғарыш компаниясы жақында ғана ғарыштық туризмді бастады. Безостың зымыраны арқылы суборбитаға ұшқан Шатнердің саяхаты шамамен 10 минутқа созылды. 

Ғарыш кемесі жергілікті уақыт бойынша 10:00 -ден кейін аман-есен қонды. 

Борттағылар 100 км-ден сәл жоғары биіктікке көтеріле отырып, қысқа уақыт салмақсыздық кезеңін бастан өткерді.

Капсуланың үлкен терезелері арқылы Суборбитадан Жершарының ғарыштық көрінісін тамашалады. Канадалық актер Жерге қонғаннан кейін "әлемдегі барлық адамдар ғарышқа ұшуы керек" деді.

Көзіне жас алған Шатнер "Бұл – адам сенгісіз сезім. Жаным эмоцияға толы. Бұл эмоциядан ешқашан айықпаймын деп үміттенемін. Мен қазір сезінгенімді жоғалтқым келмейді" деді. 

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ғарыш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір