• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:50:10
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Наргиза Керімбаева мен Айжан Наимбекова аудан әкімі Абзал Аликуловпен бірге Қаратау ауданында атқарылған жұмыстардың сапасын тексерді.

Нұрсат тұрғын алабындағы орталық көшелердегі жасыл-желектерді күтіп ұстау жұмыстарын «Бюлдстрой» ЖШС мердігерлік мекемесі жасауда. Көгалдандыру жұмыстары жоғарғы сапада жасалып, автоматты түрде суару мүмкіндігі қарастырылған және отырғызылған көшеттер жайқалып тұр.Кемшіліктері: балаларға арналған ойын алаңындағы қоршаулар, сырғанақтарға өте жақын орналасқан. Бұл ойын кезінде жарақатқа әкелуі мүмкін. Осы себептен қоршаулардың орнын ауыстыру керектігі ескертілді.

Қайнарбұлақ саяжайы, №83 ЖОМ жанындағы жер теліміне, Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік акт беріліп, Шымкент қайырымды қала демеушілер есебінен жаттығу элементтері мен ашық спорт алаңшасы салынды. Мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС.

Мұнда мектептің ауласында қурай өсіп, қоқыс жәшіктері орнатылмаған және балалар суды даладағы бағанадан ішуге мәжбүр. Бұл тез шешілу керек мәселе екені айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді. Аталған жұмыстар үнемі партия бақылауында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір