• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:14:23
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. 29-30 қыркүйек күндері болған жәрмеңке Шымкент қаласының Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандарының алыс елді мекендерінде ұйымдастырылды.

Мұнда 2000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылған. Шалғай елді – мекендердің тұрғындарына екі күн бойы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастарға «Алғашқы жұмыс орны» жобасы насихатталды. Жәрмеңке нәтижесінде 478 адам тұрақты жұмысқа жолдама алған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір