• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

04 Желтоқсан, 17:27:04
Алматы
+8°

Ақын, белсенді, диссидент Арон Атабек бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет Азаттық радиосына сұхбат берді. 

– Ауруханада 10 күн бойы орнымнан тұрмадым. Палатада мені көтермеді. Жаттым, аяғымда атрофия болды. Осыған байланысты әлсіздік басты. Қолдарым көтертпейді, саусақтарым бүгілмейді. Бұрын түрмеде өз аяғыммен жүрдім, – деді диссидент.

Белсенді биліктен өзін кінәсіз деп танып толық ақтауды және өтемақы беруді талап етеді. 

 Мұны (бұл талапты - ред) үкімге дейін де кейін де айтқанмын. Жапон самурайларының "самурай соңына дейін адал шайқасуы тиіс" дейтін ұстанымы бар. Мен – қазақтың самурайымын, менің де міндетім – соңына дейін күресу, – деп айтты Арон Атабек.

Сұхбат барысында белсенді Мұратбек Есенғазы Арон Атабек өкпесінің 38 пайызы қабынғанын айтты.

– Өкпесі қабынған, жағдайы нашар. Дәрігерлер: "ауруханаға жатқызбаса болмайды, түнде айырылып қаласыңдар" деп айтты. Бірақ Арекең: (Арон Атабек - ред) "Мені алып кет. Мен мына жерде қалмаймын. Мыналар мені өлтіреді" деп ауруханаға жатудан бас тартты, – деді белсенді М. Есенғазы. 

Айта кетейік, 5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Қазір ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір