• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:57:47
Алматы
+35°

Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігің ресми сайты

Ұшқыш-ғарышкер, әуе генерал-майоры Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
 
"Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды" делінген ақпараттық хабарламада.
 
Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

2009-2010 жж. –  ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жж. –  ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жж. – «ҰҒЗТО» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жж. –  «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жж. –  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019-2021 жж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Айдын Айымбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір