• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:03:52
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 22 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2411 адамнан коронавирус, 317 адамнан пневмония анықталған.

20 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 50, пневмониядан 9 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 867 366-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 74 427.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 372 086 адам, 2-компонентін 6 247 031 адам салдырған.

22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 67 404 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1000 адамның жағдайы ауыр, 248 пациенттің жағдайы өте ауыр, 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта - Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір