• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қазан, 16:35:38
Алматы
+14°

Соңғы 20 жылда Ауғанстанда БАҚ саласы белсенді түрде дамыды. Талибан билік басына келгеннен кейін, БАҚ өкілдері қауіпке, тіпті өлім қатеріне ұшырады. Халықаралық белсенділер жедел түрде оларға көмек беруге шақырады. Бұл туралы Германияның DW басылымы хабарлады.

Неміс баспасөзінің мәліметінше, халықаралық шекарасыз тілшілер ұйымы осы сәрсенбіде Берлиндегі штаб-пәтерінде жасырын баспасөз конференциясын өткізген. Пандемияға байланысты оған 20 журналистке ғана қатысуға рұқсат етілген.

Ақпаратқа сәйкес, конференциядан тікелей бейнетарату ұйымдастырылмаған өйткені бөлмедегі Ауғанстаннан келген журналистер өз өміріне немесе Ауғанстандағы достары мен туыстарының өміріне алаңдаушылық білдірген. 

Кабулдағы ірі газетте және Ауғанстанның екінші ірі қаласы Гератта жұмыс істеген журналистер конференцияға байланысты Германияда 10 күн болған. Журналистер радикалды исламшыл Талибан ұйымы билік басына келгелі бірнеше әріптесін қорқытып, жұмыс істеуіне кедергі келтіргенін айтып берген. Олардың ақпаратынша, көптеген әріптестері қазір үйде жасырынып жатыр немесе Ауғанстанмен көршілес елдерге қашып кеткен. "Талибандар халықаралық деңгейде танылу үшін толерантты болып көрінеді, бірақ жаппай шабуылдардың сансыз мысалдары бар" дейді олар DW-ге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір