• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:13:16
Алматы
+35°

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады мәділістің баспасөз қызметі.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Каспий теңізі ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылған.

Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Хаттама теңіз ортасы мен теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлықтың ластануын болдырмау, теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлыққа елеулі трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін жүргізуді көздейді. 

Күн тәртібінің жобасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алу қарастырылған. Сонымен қатар, палатаның бейінді комитеттері бірқатар жаңа ратификацияланатын заң жобаларын жұмысқа алмақ. Атап айтқанда, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы және Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары бар.

 

     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір