• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:52:22
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мал шаруашылығы мен аграрлық салада маңызды міндеттер белгіледі. Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігін баса айтты.

Бұл бағытта Шымкентте 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Оның бірі ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд. теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады.

Екінші аймақта 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады. Мұнда 30 млрд. теңгеге 2 000 жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге асатын болады.

Актив отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов аграрлық индустрияны жолға қоюда кешенді жұмыстарды жалғастыру қажет екендігін айтты. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасына мал жайылымдық жерлерге талдау жүргізіп, мал басының саулығын, өнімділігін арттыруда жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырды. Сонымен бірге, Цифрландыру басқармасымен бірге ветеринария саласын автоматтандыру процесін зерделеуді жүктеді.

Сонымкен қатар, Президент цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды тапсырды. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі өзінің орынбасарларына білім беру ұйымдарындағы STEM кабинеттерінің тиімді жұмыс істеуін қадағалауды, ІТ-мамандар даярлаудың қалалық кешенді жоспарын әзірлеуді жүктеді.

Айта кетейік, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілуін шешу мақсатында геопортал жүйесін бекітілген мерзімде іске қосуды тапсырды. Нәтижесінде жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, инженерлік желілер салалары бойынша жүйелі ақпараттық деректер қалыптастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылатын болады.

Мемлекет басшысы инфляция деңгейін 6-4 пайыздық дәлізде ұстап тұру жөнінде талап қойды. Баға тұрақтылығын сақтауда көтерме үйлестіру желісін құрып, ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сол желімен қамтамасыз етуді жүктеді.
Шымкентте бұл бағытта баға тұрақтылығына қол жеткізуде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясы бойынша ірі азық-түлік сауда желілерімен келісім жасалған. Сауда орталықтарына қайтарымды шартпен қаржы беріп, әлеуметтік 19 түрлі азық-түлік тауары шекті бағамен сатылуда.

Шаһар басшысы М.Әйтенов осы мақсатқа бөлінетін қаржыны жыл сайын ұлғайтатын боламыз деді. Орынбасарына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көтерме желілермен делдалсыз жұмыс істеуін үйлестіру жөнінде шаралар қабылдауды, кәсіпкерлік және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жұмыстарды үйлестіруді жүктеді.

Сонымкен қатар, Президент Жолдауында елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар екені айтылды. Вакцина жөнінде түрлі қауесет таратушы азаматтар, өздері адасқанымен қоймай, жұртты адастырып отырғанына назар аударылды.

«Халық денсаулығын сақтауда індетке қарсы вакцина салу жалғасады. Бұл бағытта жүйелі ақпарат жұмыстарын жалғастыруымыз қажет. Қаланың денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындауымыз керек» - деді Шымкент әкімі қала активінің отырысында.

Халықтың жалпы аурушаңдық көрсеткішін нашарлатып алмау үшін жоспарлы скринингтер, стандартты екпелер мерзімдерінде атқарылуы тиіс екендігін айтты. Індетпен күреске тікелей қатыспайтын медицина персоналы жоспарлы жұмыстарын атқарып, профилактикалық шараларға басымдық беруін қамтамасыз ету жөнінде Денсаулық сақтау басқармасына тапсырма берді.

Отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін арттыру мақсатында қаладағы медицина өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін зерделеп, кешенді жоспар әзірлеуді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жүктеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір