• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:16:51
Алматы
+35°

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елде карантин шаралары жеңілдейтінін хабарлады. 

28 тамыздан бастап төмендегі нысандардың қызметіне рұқсат беріледі:

  • "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары "ASHYQ" қосымшасы арқылы қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" расталған (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) жағдайда сағат 02:00-ге дейін істеуіне рұхсат;
  • сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат етіледі.

30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

  • "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілердің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларының жеңілдетілуі демалыс күндері үшін 4 қыркүйекте, жұмыс күндері үшін 6 қыркүйекте басталады.

Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін төмендегі тапсырмаларды берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "ASHYQ" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір