• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:05:22
Алматы
+35°

Шымкенттегі "Орда" университетін тәмәмдаған 200-ден астам түлек 2 айдан бері дипломын ала алмай жүр, деп хабарлады 31 телеарна. 

4 жыл бойына 1 миллион теңгеге ақы төлеп оқыған педагог пен логопед мамандары диплом болмаған соң жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады. Бұған оқу орнының үш ай бұрын лицензиясынан айырылуы себеп болған.

– Екі ай болды диплом ала алмай жатырмыз. Екі айдан бері үйде жұмыссыз отырмыз. Не жұмысқа тұра алмаймыз, не магистратураға оқуға тапсыра алмаймыз. 4 жыл бойы адал еңбегімізбен оқыдық қой. Біз оқуға қабылданарда "біз 5 жылға аккредитациядан өткенбіз, лицензиямыздан ешкім айыра алмайды" деп айтқан болатын, – деді түлектердің бірі Зарина Сапар.  

– Мен бір жылға магистратурадан қалдым. Келісіп, сөйлесіп қойған жұмысымнан да қалдым. Өйткені әлі диплом алмағанмын, менен бұрын диплом алған қыз орныма кіріп кетті, – дейді шағымданушы Аруна Тұрғын. 

Университет басшылығы оқу орны 3 ай бұрын лицензиясынан айырылғанын мойындап отыр. Министрлік тарапынан келген тексеру қорытындысы бойынша 3 кемшілік анықталған. Десе де түлектерге диплом берілетінін айтады. 

– Бізде кесте түзілген. Сол бойынша диплом кезең-кезеңмен беріледі. Ертең бастауыш оқыту әдістемесі мен педагогикасы мамандығын меңгергендер диплом алады. Ал дефектологтар мен бейнелеу өнерін оқыған студенттер алдағы 10 күнде оқуды бітіргені туралы құжатқа қол жеткізеді, – деді "Орда" университеті президентінің кеңесшісі Ирина Ефимова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Орда Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір