• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:54:57
Алматы
+35°

Шымкентте тұрғын үйлерге құрылыс жұмыстары қарынды жүргізілуде. Бұл бір жағынан қаланың көркін ашса, ал екінші жағынан пәтер мәселесі де шешілмек.

Бүгінде мұндай көпқабатты тұрғын-үйлердің бой көтеруі – халық саны артқан мегаполисте баспана мәселесінің оңтайлы шешілуіне айрықша ықпал етіп отыр. «Damdes Құрылыс invest» ЖШС-і «Шымкент сити» шағын ауданындағы он қабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Жалпы аумағы шамамен 30 000 шаршы метрді яғни, 420 пәтерді құрайды. Өз кезегінде мердігер мекеме басшысы құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты, пәтер бағасының өсетінін ашық атап өтті.

Тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысқан мәжіліс депутаты Берік Оспанов жұмыстың сапалы жүріп жатқандығын алға тартты. Сонымен қатар мемлекет бюджетінен де қаржыландыру қарастырылғандықтан, әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмау қажеттігін баса атап өтті. Салынып жатқан 420 пәтердің арасынан тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға да баспана қарастырылу керектігін айтады. Алдағы уақытта бұл мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын нақты қолға алатынын жеткізді.

Сондай-ақ, халыққа барынша қолайлы жағдай жасалу қажеттігін жеткізіп, көлік тұрағы мен балалар ойнайтын алаңшаның орналасу аймағын қайта қарастыру қажеттігін айтты. Алдағы уақытта Мәжіліс депуттатары тарапынан білдірілген ұсыныстар Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Мұрат Әйтеновтің назарына ұсынылып, жан-жақты талқылану жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір