• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:25:07
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен өткен пресс-тур барысында БАҚ өкілдері көппәтерлі тұрғын үйлерде орнатылатын лифттерді басқарма тарапынан сынақтан өткізіп есепке алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметінің жұмысымен танысты.

Журналистерге Тұран шағын ауданында орналасқан №7 үй лифтіне сынақ жұмыстарын жүргізу барысы көрсетілді. Мамандардың айтуынша, сынақ екі түрден тұрады екен, ол статикалық және динамикалық. Ең бірінші лифттің орналасқан шахтасы, басқару орталығы, кабинаның техникалық сипаттамасы тексеріледі. Сынақ жұмыстары толық сатымен өтілгеннен кейін, жүк көтергіш механизімдері тексеріледі.

Шымкент қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінде орнатылған лифттердің саны бүгінгі таңда 401-ді құрайды. Оның 397-сі жұмыс істеп тұрса, қалған төртеуі істен шыққан. Яғни, Тауке хан № 29 үйдің 6 лифтісінің 3-і, Ғ.Иляев № 37 үйдің 2 лифтісінің біреуі істемейді. Ал, істеп тұрған 397 лифтінің 26-ның пайдалану мерзімі ұзартылған.

Сонымен бірге, қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінде 66 лифт, білім беру басқармасына қарасты мектептерде 23 лифт, қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде 58 лифт бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір