• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:37:11
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте жыл басынан бері өндірістік 17 жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 3 адам жан тапсырған. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында қалалық Еңбек инспекциясының өкілдері кәсіпорындарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Кезекті жиын шаһардағы «Спецавтотранспорт» ЖШС-де өтті. Сондай-ақ, онда мекеме қызметкерлерін вакцинациялау жайы да сөз болды.

– Шымкент қаласы Мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Спецавтотранспорт» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Мекеме жұмысшыларына Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы түсіндірілді. Қазіргі таңда кәсіпорындар арасында ең көп кездесетін кемшіліктерді атап өтті, - деді Бауыржан қалжанов, шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Басқарма басшысы бүгінгі өзекті мәселелердің бірі – вакцинаға да тоқталды. Оның айтуынша, вакцинаға ешкімнің мәжбүрлеуге қақысы жоқ. Екпе алудан бас тартқан қызметкер санитар мамандардың қаулысына сәйкес, апта сайын пцр тестілеуден өтіп, өзінің вирус жұқтырмағандығын дәлелдеп отырса болғаны.
Жиын барысында мекеме қызметкерлері көкйлеріндегі сауалдарын жолдап, мамандардан жауап алды. Айтып өтейік, кемшіліктер кездесіп, есепке алынған 54 өндіріс орнының бүгінде 20-сында дәл осындай кездесулер өткізіліпі, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір