• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:33:24
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ляззат Қашқымбаева және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіндедәріxаналар, медициналық бұйымдардың қоры және емшара кабинеттерінің жұмысы туралы айтылды.

Қазіргі таңда елімізде вакциналау бойынша Шымкент қаласы 1-орында тұр. Қала бойынша бүгінде I компонентпен 391 972 адамға, ІІ компонентпен 316 030 адамға екпе егілді. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы біз аты жаман індетті жеңе аламыз. Барлық қала тұрғынын екпе қабылдап, мына дертпен бірге күресуге шақырамын. Бүгінде медицина қызметкерлері қатаң жұмыс істеу режиміне көшті. Яғни сенбі, жексенбі күндері де екпе алуға мүмкіндіктер қарастырылып отыр, – деді басқарма басшысы Бақытжан позилов – шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қалада өткен тәулікте I компонентпен 2 658 адамға, ІІ компонентпен 3 706 адамға вакцина салынды. Бұл ретте тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 43 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс жасайды.

Өзін-өзі және диагностика мен емдеу хаттамасын сақтамау ауыр науқастар үлесінің артуына алып келген. Антибиотиктерді негізсіз тағайындау кейіннен ағзаның инфекцияларға төзімділігіне әсер етеді. Дәріханаларда ашылған емдеу бөлмелерінде жұқпалы ауруларды емдеуге лицензия жоқ. Яғни, бұған рұқсаты жоқ медициналық қызмет көрсету фактілері болып есептеледі.Сонымен қатар, департамент сапасыз медициналық көмек көрсету жөніндегі өтініштерді қарайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір