• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:19:37
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілерде адамдардың Ауғанстан астанасы Кабулдан ұшып бара жатқан ұшақтан құлаған видеосы жарияланды.

Бейресми ақпараттарда бұл адамдар Кабулдан кеткісі келетін ретінде болжанады. Әзірге ұшақтан құлаған адамдардың нақты саны белгісіз.

"Ұшаққа жасырынып мінген екі адамның жерге құлап түскен видеосы әлеуметтік желілерде тарала бастады" делінген жергілікті Shamshad News телеарнасы таратқан ақпаратта.

Бұған дейін АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандықтарға оқ жаудырып, бірнеше адам қайтыс болғаны хабарланған. Кейіннен АҚШ әскери күштері оқты Ауғанстан астанасы әуежайының ұшу жолағында көп адам жиналғандықтан ескертпе түрінде атқаны айтылды.

15 тамыз күні Талибан қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. 

Reuters ақпарат агенттігі Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тәліптер Кабулға кіргеннен кейін Кабул әуежайынан өз елін тастап кеткенін мәлімдеген.

Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір