• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:57:51
Алматы
+35°

Белгілі спортшы Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы көшелерінде адамдарды улау жұмыстары жүргізіліп жатыр деген видео жариялады. 

– Сағат түнгі 12:00. Айнабұлақ ауданы. Не болып жатқанын қараңыздар. Артында бір көлік жүріп келеді. "Highlander" 054. Ал, алдында трактор. Бізді улап жатыр. Осыдан кейін ауырамыз.

Бұл геноцидті тоқтататын заң барма? Әлде өзіміз айналысуымыз қажет пе, –деп жазды спортшы.

Алматының жасыл экономика басқармасы желідегі бұл видеоға түсініктеме берді.

"Көрсетілген мекен жайда "Дезинфекция" мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыс тиімді болуы үшін түнгі уақытта жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады", делінген департамент таратқан хабарламада. 

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, биологиялық препарат 400 түрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. 

Еске сала кетейік, спортшы Қуат Хамитов 2020 жылы қыркүйекте дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп желіде видео үндеу жасап, оларды ұрып-соғуға үндеген болатын.  

Алмалы аудандық соты аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша (билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату) құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қозғаған. 

Ал 2021 жылдың 28 қаңтарында сот шешімімен Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелген.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ★★★??????★★★ (@kuat__khamitov)



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қуат Хамитов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір