• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:18:59
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 12 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды  мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7747 адамнан коронавирус, 427 адамнан пневмония анықталған. 105 адам коронавирустан, 24 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны  664 524-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 64 492. 

12 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (–108 954 + және 4 201 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1849 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр, 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы қайта "сары" аймаққа ауысты.

11 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 939 533 адам, 2-компонентін 4 563 841 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір