• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:28:09
Алматы
+35°

Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шараларының сақталуын бақылау күшейтілді. Тексеру қорытындысы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Демалыс күндері, яғни 30 шілде-1 тамыз және 6 тамыз-8 тамыз аралығында Ақтау қаласында 246 нысан тексеріліп, 71 нысанға акт толтырылды.

Атап айтқанда, "Н2О", "PR", "Монтана бланка", "Мэрилин", "Tangiers" түнгі клубтар мен лаундж барлар. "Мұнайшы", "Aktau Palaca", "Самарқанд", "Seasons", Кәуап № 1" мейрамханалары. "Мечта", "Зета" және т. б . дүкендер. "Victory", "Әлем" моншалар мен бассейндер. "Champions", "BlackHole", "Арена", "LOG", "Спэйс", "Джек", "Джек" компьютерлік және ойын клубтары. "Шамс", "Тонгал хаус", "Beer&Meet" , "Салам бро", "EL lounge bar", "Тонгал хаус" , "На разлив", "Монако", "Донерист", "БайЕр", "Бистро", "Дядя Гадим", "Айтан", "Coffee Boom", "Карамель", "Charcoal Doner" , "ТӘЅН FOOD" , "Маида" , "Узбечка", "Али Донер", "Шығыс тағамдары" кафелері. "8-9", "Пивко" сыра барлары.

Жаңаөзен қаласында 133 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Нәтижесінде 3 объектіге акт толтырылды.

"Атамекен", "Ақсұлу" мейрамханасында үйлену той мен "Дуплет" бильярд клубында заң бұзушылықтар анықталды.

Мұнайлы ауданында 114 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 10 кәсіпкерлік нысанға акт жасалды. Олар Бәйтерек, Атамекен, Ақ сарай, Мирас, Royal Palace мейрамханасы, Ердәулет, Бақсарай, Болат, ББ Мұнайлы суши кафесі, "Ақбұлақ", "777" моншалары.

Бейнеу ауданында 110 кәсіпкерлік нысан тексерілді. "Медиман" құрылыс дүкені мен 1 кәсіпкерге акт толтырылды.

Түпқараған ауданында 100-ден аса нысан тексерілді. 1 нысанға акт толтырылды.

Қарақия ауданында 26 нысан тексерілді, заң бұзушылық анықталған жоқ.

Маңғыстау ауданында 162 нысан тексерілді, заң бұзушылық анықталған жоқ.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір