• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:42:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек 58 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды өңір әкімдігінің өкілдері растады.

"Ұлан Жазылбек тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болды" делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Ұлан Жазылбек былтыр мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында 2017 жылдың қарашасынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

 Ұлан Жазылбек – 1962 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін "заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған.

1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы болып істеген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір