• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 19:23:04
Алматы
+35°

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 796 мың шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстанда еңбек етіп жатыр, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

– Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 600 адам және 410 адам.

"Маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1915 адам тартылған" делінген мәлімдемеде.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 484 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер төмендегідей:

Қытай – 3 782 адам, Өзбекстан – 1 953 адам, Түркия – 1 633 адам, Үндістан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, Ұлыбритания – 959 адам.




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір