• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 01:54:36
Алматы
-11°
Оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты хабарлады.
 
– Біз құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарттық. Енді құжаттарды қабылдау 4 айға созылады. Бұл ата-аналарға да, мектеп әкімшіліктеріне де оқу процесіне дайындықты алдын ала ойластыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 10 тамыздан кейін мектептерде дайындық тобы жұмысын бастайды, оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады, – деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Майра Мелдебекова.
 
Министрліктің мәліметінше, бірінші сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түскен. Жалпы өтініштерді қабылдау Еgov.kz порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
  • баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
  • баланың 3х4 суреті.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Оқушы мектеп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір