• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:09:15
Алматы
+35°

Токиодағы олимпиада ойындарында швециялық қарсыласын ұтқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарыстан алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

– Бүгінгі ойным жаман емес. Бірінші сеттің басында аздап асығып, бірқатар қателіктерге бой алдырдым. Бірақ, жалпы алғандағы нәтижем көңілден шығады. Күн райы да жақсырақ, алайда, ауадағы ылғал әлі бар. Жаңа допты ауыстырғанда да қиындық туды, әсері басқаша. Уимблдоннан соң бір аптадай үзіліс алдым. Сол себепті жақсы дайындықпен келдім. Физикалық тұрғыдан да өзімді жақсы сезінемін. Келесі матчқа дайындаламын, – деді Рыбакина. 

Бүгін қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған. 

Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір