• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:46:25
Алматы
+35°

COVID-19 жағдайлары туралы мәліметтер жинақталатын "Worldometers" сайтының хабарлауынша, әлем бойынша індет жұқтырғандардың 170 миллион 102 мың 891-і сауыққан.

Ең көп науқастар сауыққан елдер қатарында ауруға ең көп шалдыққан алғашқы 3 ел бар. Үндістанда 29 миллион 843 мың 825 адам, АҚШ-та 29 миллион 168 мың 313 адам және Бразилияда 17 миллион 352 мың 670 адам вирусты жеңе алған.

Ресейде 5 миллион 121 мың 919, Францияда 5 миллион 638 мың 432, Англияда 4 миллион 345 мың 499, Италияда 156, Германияда 3 миллион 631 мың 500, Испанияда 3 миллион 621 мың 423, Польшада 2 миллион 652 мың 293, Украинада 2 миллион 175 мың 225 адам аурудан айыққан.

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 395 мыңнан асты.

Дүниежүзінде 11 миллион 735 мың 143 адам әлі күнге дейін COVID-19-дан емделіп қабылдап жатыр.

2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында пайда болған COVID-19 200-ден астам ел мен аймаққа таралып, жалпы пандемияға айналған.

Әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 185 миллион 855 мың 902-ге жетсе, вирустың салдарынан 4 миллион 17 мың 868 адам қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: COVID-19-

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір