Көрнекі сурет
Алматы қаласы полиция департаменті интернет-алаяқтар жиі қолданатын іс-әрекеттер тізбегін атап, тұрғындарға ескерту жасады.
– Жоқ тауарды (нарықта танымал брендтердің ұялы телефондары, автокөліктер, жабдықтар және т.б.) әлеуметтік желіде және OLX.KZ, Market.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz секілді қосымшаларда төмен бағамен сату тәсілі. Клиент өнімді таңдап, электрондық әмиянға алдын-ала төлем жасаған соң сатушы оны барлық әлеуметтік желілерде бұғаттайды.
– Өздерін банктердің қауіпсіздік қызметінен деп таныстырып, қоңырау шалады. Карточкада күдікті транзакция жүріп жатқанын және қаражатты "сақтандыру шотына" аудару керек екенін айтады, немесе абоненттік нөмірге келген кодты жазып жіберуді сұрайды.
- Сатуға қойылған тауардың сатып алушысы болып қоңырау шалады. Тауарды алуға дайын екенін, бірақ қазір қалада еместігін жеткізеді. Артынша сатып алушының есепшісі байланысып, ақша аударымын жүзеге асыру үшін CVV коды бар банк картасының толық мәліметтерін немесе телефонға келген кодты жазуды сұрайды.
- Пәтер мен коттеджді нарықтық бағадан төмен бағамен жалға беруші түріндегі алаяқтар. Олар карточкаға немесе "Qiwi" әмиянға кепілдік ретінде алдын ала салым аударуды сұрай отырып, жымысқы әрекетін жүзеге асырады.
- "Kolesa.kz" сайты арқылы жоқ көлікті сату, мұнда да картаға немесе "Qiwi" әмиянға ақша аудару арқылы алдын-ала салым салуды сұрайды.
- Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда, "Instagram"-да ақшаны "айналдыруды" ұсынатын аккаунттар бар. Олар қысқа мерзімде үлкен дивидендтер уәде етеді, мысалы, 30 000 теңге салынса, олар 5 сағат ішінде 300 000 теңге қылып қайтарып беруге уәде береді.
- Шетелдік инвестициялық бағдарламалардың (QuestraWorld, AssetWorldManagement және т.б.) қызметкерлері әртүрлі елдердің әртүрлі абоненттік нөмірлерінен қоңырау шалып, адамдарды ең тиімді бағдарлама бар екеніне сендіруге тырысып, салып салуға үгіттейді. Шотты бұғаттан босату үшін немесе комиссия төлеміне қосымша қаражат сұрауы мүмкін, оны төлегеннен кейін ақшаны үлкен дивидендтермен қайтаруға уәде береді.
Полиция департаменті мұндай күмәнді жобалар алаяқтардың арам ойны екенін ескертіп, ешқашан ақша салмауға шақырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір