• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 03:41:50
Алматы
+35°
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың інісі Мәди Атамқұлов президент протоколының бастығы лауазымынан босатылып, Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Ал президент протокол қызметінің бастығы лауазымына Дмитрий Леонидович Михно тағайындалса, бұған дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқырып келген Ғабит Сыздықбековтың қайда кеткені әзірге белгісіз.

Мәди Бәкірұлы Атамқұлов 1974 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы басқару академиясын бітірген. Инженер-метеллург, халықаралық қатынастар магистрі. Дипломаттық дәрежесі – Екінші сыныпты кеңесші.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір