• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:35:23
Алматы
+35°

Алматы қаласы Наурызбай ауданы Абай елдімекенінде даладағы әжетхананың шұңқырына түсіп кеткен екі бала мен олардың әжесі көз жұмды. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше,, оқиға кешкі уақытта болған. Үйдің ауласында ойнап жүрген 1 жасар қыз көшедегі дәретханаға түсіп кеткен. Кейін оны 12 жасар ағасы құтқармақ болып, ол да шұңқырға түсіп кетеді. Содан балалардың әжесі мен әкесі көмекке келіп, шұңқырға түседі. Алайда кәмелетке толмаған екі бала мен 66 жастағы әйел тұншығып көз жұмады.

41 жастағы әкесі де есінен танып қалады, алайда полиция қызметкерлері оны дер кезінде шығарып, аман алып қалған. Қазір ол ауруханаға жатқызылды. 

Құтқарушылар 2 бала мен 66 жастағы әйелдің денесін шығарды. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы бала ана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір