• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:28:44
Алматы
+35°
 
2021 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында экспортталған картоп, импортталған көлемнен 2 еседен астам көп. Бұл туралы блогер Кирилл Павлов facebook парақшасында хабарлады.
 
Блогер кеден статистикасына үңіліп, 2021 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында Қазақстан 5,5 миллион долларға 68 820 тонна картоп экспорттағанын, 6 миллион долларға 28 764 тонна картоп елге әкелінгенін айтады.
 
Тауардың басым бөлігі, яғни 59 693 тоннасы Өзбекстанға жөнелтілген. Бұл үшін Қазақстанға 4,5 млн доллар қаражат төленген. Сонда картоптың орташа бағасы 32 теңге болып тұр.
 
Ал негізгі импорттаушы елдер қатарында Пәкістан (3,5 млн теңгеге 16 824 тонна тауар, бағасы келісіне 90 теңге), Иран (2,2 млн теңгеге 10 474 тонна, бағасы келісіне 90 теңге) бар.
 
Жыл басынан бергі 4 айда экспортталған картоп бағасы 34,5 теңге, импортталған картоп 90 теңге болған.
 
Қазақстанда соңғы уақытта картоп, сәбіз секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай өскен. Үкімет мұны былтыр өнімнің аз шығуымен түсіндіріп, оңтүстік өңірлердегі алғашқы жиын-терін науқаны басталған соң баға тұрақталатынын айтқан.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: картоп бағасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір