• USD 424.6

  • EUR 500.9

  • RUB 5.73

  • CNY 65.51

27 Шілде, 04:24:31
Алматы
+22°
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі аудан әкімін қызметінен босатты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Ол Тоқаев биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма бергенін хабарлады.
 
Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.
 
Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталған.
 
"Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды" делінген хабарламада.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір