• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 19:41:39
Алматы
-6°

Бүгін 11 маусымда қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов АҚШ-тағы және Professional Fighters League (PFL) промоушны аясындағы бірінші айқасында жеңілді. Ол "Баскесер" лақап атымен белгілі америкалық Крис Уэйдке есе жіберді деп хабарлады Sports.kz

Кездесу 2-раундта аяқталды. Алдымен Уэйд Оспановқа тізесімен қатты соққы жұмсап, артынша жұдырығымен бірнеше соққы жасап қарсыласын сұлатып түсірді. Оспанов  жекпе-жек аяқталғанға дейін ұпай саны бойынша алда келе жатқан.

Бұл Арман Оспановтың ММА-дағы төртінші, PFL промоушнындағы бірінші жеңілісі. Ал қарсыласы Крис Уэйд он тоғызыншы, PFL промоушны аясындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір