• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қазан, 14:23:28
Алматы
+11°

Кейбір мемлекеттерде "терезеден бере қойғандай" қиын істің қиюы өзінен-ақ келіп тұрады.  Орыстарда "оказаться в нужном месте, в нужное время" деген сөз тіркесі бар. Қазақшалағанда керек уақытта керек жерден табылу ғой. Айталық, Украинаны алайық.

Басшысы Украина үшін шөптің басын сындыруға ерінетін адам. Ресей десе екі тізесі қалтырап, соның дегенін істеуге бейіл. Дәл өзіндей Порошенко қорықпай-ақ Украина мүддесін жоғары қойып, тар жол, тайғақ кешуден алып шықты ғой сол елді. Енді бес жылға сайланғанда ол өз елін НАТО-ға мүшелікке енгізіп, ЕО-ның белді мүшесіне айналған болар еді, әттең уақыты сәл жетпей қалды.

Қазіргісі "не балық емес, не ет емес" біреу. Ал оған қандай шанс түсіп тұр десеңізші. АҚШ-тың өзі қос-қолдап қолдап, тіпті артынан итергендей жетектеп, сүйрелеп әлек. Себебі ол Батыс коалициясының РФ-мен шектесетін шекарасында. былайша айтқанда НАТО-ның шығыстағы форпосты. Сондықтан Украинаны АҚШ та, Канада да, НАТО да, басқасы да қолдауға мәжбүр. Халықаралық валюта қоры да сәл де болса экономикалық шарттарын орындаса, қазір-ақ Украина экономикасын модернизациялауға әзір. Жақында АҚШ президенті Байден екінші рет телефон шалып, оны Вашинтонға келіп кетуге шақырды. Енді қайтсін-ай, оған қаншама карт-бланштар беріліп жатыр, ал ол оны орындаудың орнына тіпті қимылдайтын емес. Енді Вашинтонға құр қол бармай, Қоломойскийді соттауға жүрегі дауаламаса да, ең болмағанда Ермакты жұмыстан ала алса жақсы болар еді. Себебі оның Мәскеу агенті екенін ФБР бірнеше қайтара дәлелдеп, Украина басшылығының көзіне шұқып тұрып көрсеткен. CNN каналы оның қайта сайлану үшін Трампқа қалай көмектесу керектігі туралы сұхбатын Байденнің телефон соғары алдында бекерге қайталап көрсетіп жатқан жоқ.

Міне, Батыс тарапынан осындай қуатты қолдауды барынша тиімді пайдаланса, Украинаның Ресей диктатынан құтылып, өз елін өркениетті елдер қатарына қосуға тарихи мүмкіндігі бар. Негізі мұндай шанс бізде де бар. Екі қуатты көршіміз де Батыстың көз қырына қалған елдер, бірақ біздерде билік ауыспағаннан кейін Порошенко сияқты ешкіммен де салыстыра алмайсың. Егер елінің мүддесін бірінші орынға қоятын жігерлі басшы болғанда біз де осы тиімді коньюнктураны пайдалана отырып бірталай жетістіктерге жеткен болар едік, әттең...

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір