• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:21:39
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді.

Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.

– Білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айынан бастап "Білім туралы" заң шеңберінде осы тізімді әзірлеу және бекіту біздің құзыретімізде. Тыйым салынған заттардың тізімі Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалды, – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министрліктің хабарлауынша, жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.

Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.

Егер де балалар тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізсе бұған олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауап береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір