• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:17:16
Алматы
+35°

Шарын шатқалында жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

– Шарын шатқалы қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09:34-те 2010 жылы дүниеге келген қызды тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға болған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған, – деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Зардап шеккен оқушы қызға медициналық көмек көрсету үшін оны "Қазавиақұтқару" АҚ-ның авиациялық техникасымен Алматы қаласы ауруханаларының біріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Бұған дейін кеше Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шегіп, 1 адамның із-түссіз жоғалғаны хабарланған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Шарын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір