• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 19:14:01
Алматы
+35°

ҚР президенті Қ.Тоқаев пен ДДСҰ бас директоры Т.Гебрейесус

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен видео конференция режимінде кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы, атап айтқанда, коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары қарастырылған.

Ақорда сайтының мәліметінше, әңгімелесу барысында COVID-19 індетіне қарсы екпе егу үдерісіне баса мән берілген. Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына қазақстандық QazVac вакцинасының клиникалық сынамаларының алдын ала нәтижелері туралы айтқан.

"Отандық вакцинаның тиімділік деңгейі 96 пайыз. Қазіргі уақытта салалық органдар отандық вакцинаға келісім алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жұмыс жүргізіп жатыр. Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияға қарсы күрестегі еңбегіне жоғары баға берді.

Сонымен қатар ол QazVac екпесінің әзірлемесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты" делінген ақпараттық хабарламада.

Тараптар сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің даму перспективаларын, атап айтқанда, 2018 жылы қабылданған Астана декларациясын ілгерілету мәселесін қозғаған.

"Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстанның бастамасы бойынша әзірленетін Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы саяси резолюцияны қолдауға шақырды. Аталған құжат 2022 жылы өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында қабылдануы мүмкін. Резолюция жобасында Астана декларациясының міндеттері мен Алғашқы медициналық-санитарлық көмек механизмдері қамтылған" деп жазды Ақорда сайты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцинация QazVac

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір