• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:20:35
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 26 мамыр күнгі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.

Оған сай, бір тәулікте 1747 адамнан коронавирус анықталып, 24 адам көз жұмған, 80 науқастан пневмония табылып, 2 адам қайтыс болған.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда коронавирус алғаш анықталған 2020 жылғы 13 наурыздан 2021 жылғы 27 мамырға дейін 381 907 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 3903 адам қайтыс болған. Осы аралықты 55024 адамнан пневмония табылып, 3351 адам көз жұмған.

28 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 153 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа  шалдыққандардың арасында 665 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ДСМ мамырда пневмониядан қайтыс болғандардың санын күрт көбейтіп, оған 3 мыңға жуық адам қосқан. Министрлік бұл сандардың өлгендер статистикасына дер кезінде  қосылмауын деректердің қағазда болып келуімен, электрондық базаға кеш кіргізілуімен түсіндірген.

Қазақстанда коронавирус статистикасына байланысты бірнеше рет дау туған. Бастапқыда пневмония статистикасы мүлде жүргізілмеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары мен әлемнің бірнеше елінің және Қазақстанның баспасөз құралдары мәселеге назар аударған соң 2020 жылғы 1 тамыздан бастап министрлік пневмония статистикасын жүргізе бастады.

Қоғамда билік коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын әдейі төмендетіп көрсетіп отыр деген пікір бар. Статистика комитеті жариялаған дерекке сай, 2020 жылғы мамыр-шілде аралығында алдыңғы жылдарға қарағанда өлім жағдайы 30 мыңға артық тіркелген.

ДСМ коронавирус жұқтырып қайтыс болған кей азаматтардың статистикаға енбеуін олардың жанама сырқаттардан көз жұмғанымен түсіндіреді.

2021 жылғы 28 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 076 841 адам вакцина салдырған.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір