• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:23:03
Алматы
+35°

Жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелева отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы парламент сенаты отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов мәлімдеді.

– Лариса Шепелева отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы соттың судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз, – деді Т. Донақов.

Сенаторлар ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқаны үшін Лариса Шепелеваға алғыс айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір