25 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова əнші Димаш Құдайбергенді қабылдап, туған күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
"Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің.
Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын. Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!" делінген президенттің құттықтау хатында.
Мұнан соң Ақтоты Райымқұлова туған күн иесін өз атынан құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
"Алдағы уақытта да жүрек қылын шертетін туындыларыңыздың қатары көбейіп, өнерсүйер қауымды қуанта беруіңізге тілектеспін. Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дəулет тілеймін!" деп жазылған министрдің құттықтау хатында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір