• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Желтоқсан, 23:22:03
Алматы

Ұлт алдында кешірім сұрасын! "Намыс" жастар қозғалысы Алматыдағы АҚШ консулдығы ғимараты алдына осындай талаппен наразылық акциясын өткізді. Бұған Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінде ЛГБТ жалауының ілінгені себеп болған.

17 мамыр күні Қазақстандағы АҚШ елшілігі халықаралық гомофобияға қарсы күнде елшілік ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының жалауын ілген. Артынша бұл туралы елшіліктің Facebook парақшасында мәлім еткен.

"Бүгін біз гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күрестің жыл сайынғы халықаралық күнін атап өтеміз. Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығының мүшелері әлі күнге дейін кемсітіліп, жапа шегіп, зорлық көріп жүргеніне алаңдаушылықпен қараймыз. ЛГБТ қоғамдастық өкілдерін қоса алғанда, барлығы қоғам өміріне жан-жақты және белсенді қатысуға мүмкіндік алуға тиіс" делінген елшіліктің желідегі жазбасында.

"Намыс" жастар қозғалысының құрылтайшысы Азамат Жолданбаев "АҚШ елшілігі осы арқылы ұлттық құндылыққа қарсы әрекет етіп отыр" деген пікірде.

 – Неге қоғамның қабылдамаған бір ғана бөлігінің мүддесін қорғап, біздің сан ғасыр тарихы бар тұтас ұлттың қалауын таптап отыр. Алдында 8-наурыз күні "феминистерді қолдаймыз" деген шараның соңы бисексуалдарды қолдауға айналып кетті. Мен олардың сұхбаттарын көріп шықтым. Олардың барлығының құқықтарын қолдайтын шетелдіктер. Бұл – Қазақстанды іштен құртамыз деген құйтырқы әрекеттері секілді. Сондықтан ұлт алдында кешірім сұрауын талап етеміз. Егер талаптарымыз орындалмаса, жалпыұлттық акцияға шығып, АҚШ тауарларын тұтынуға қарсы үгіт-насихат жүргіземіз, – дейді белсенділер.

Назылыққа шыққан белсенділерге ешкім жауап бермеді. Ал қауымдастық өкілдері мұнымен тоқтамайтынын айтады.

Айзада Бидан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір