• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 01:50:56
Алматы
-11°

Сәуле Сүлейменова – алматылық суретші. Ол туындыларын салуда майлы бояудың орнына полиэтилен пакет қолданады. Қоқыста жатқан қаптамалардан картина салатын шебер туындыларымен Қамшы порталының тілшісі танысып қайтты.

Суретші 2014 жылдан бастап майлы бояумен қылқаламның орнына  пакет пен желім қолданады. Ол әуелі суретті қағаз бетіне қарындашпен салады. Сосын керекті түстерді қырқып алып, ыстық желіммен жабыстырып шығады. Оның айтуынша, полиэтилен пакеттері нағыз өнер туындысы.

Сәуле Сүлейменов:

Дүкенге барып, азық-түлік алып келдім. Босаған пакетті, шкафта тұрған пакеттерге қосып қойдым. Қарасам олар түрлі-түсті, әдемі болып жатыр. Содан ойладым: майлы бояуды сатып алудың не қажеті бар?! Неге осы пакеттермен сурет салмасқа?!

Тілші:

Қылқалам орнына пакетті серік еткен суретші қазақ халқының тарихын да қағаз бетіне түсіріп келеді. "Қалдық естелік" деп аталатын өнер жобасында ашаршылық, желтоқсан сынды қиын-қыстау кезең суреттеледі.

Сәуле Сүлейменова:

Ата-аналарымыз бізге айтпайды. Өйткені оларға қиын кезеңді еске алу ауыр. Алайда ол – тарих. Пакетті қоқысқа тастасақ та жойылмайды ғой. Сол секілді тарих та әрдайым бізбен бірге жүреді. Сондықтан біз оларды да еске түсіріп тұруымыз қажет. 

Тілші:

Елімізде қоқыстың 10 пайызы ғана өңделеді. Оның ішінде пластик қаптамалар өңделмейтін заттар санатына жатады. Қылқалам шебері полиэтилен пакеттер қоршаған ортаны ластағанша, осылай болса да кәдеге жараса екен дейді.

Айзада Бидан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір