Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Тоқаев кеңесте автожолдарды дамыту мәселесіне тоқталды. Ол облыста жол апатының жиілеп кетуі елді алаңдатып отырғанын айтты. Былтыр өңірде 232 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 69 адам қайтыс болған. Әсіресе "Орал-Атырау" тас жолына баса назар аудару керегін жеткізді.   

– Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде. Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Нәтиже жоқ деп айтуға болады. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мұны ашық айту керек, – деді президент.

Сонымен қатар Тоқаев "Нұр-Сұлтан – Алматы" автожолын жөндеу жұмыстарының да әлі күнге аяқталмағанын айтып, бұл жолды 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырды. Бұл жұмыс үкімет пен әкімдердің ұдайы назарында болуы қажет екенін ескертті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Атырау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір