Мәжілістің жалпы отырысында депутат, Ақжол партиясының өкілі Мақсат Райымқұлов премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа әлеуметтік саладағы қатардағы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін қарастыруды сұрап, депутаттық сауал жолдады.

Депутат ресми сауалда санитар, ассистент, еден жуушы, жедел жәрдем жүргізушісі секілді қатардағы қызметкерлер мен мұражай, өнер, мектеп, балабақша, кітапхана, мұрағат саласындағы мамандар әріптестері үшін мемлекет жыл сайын жалақыны көбейтіп, көптеген жылдар бойы өздерінің еңбекақысы өзгеріссіз қалып отырғанына жиі шағынатынын жеткізген.

Оның айтуынша, мұрағат, мұражай және кітапхана қызметкерлерінің тарихшылар, өнертанушылардың орташа жалақысы 60 мың теңгені құрайды. Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы шамамен 70-75 мың теңге және 5 жылдан астам уақыт бойы жоғарыламаған. Мектептер мен балабақшалардың техникалық қызметкерлерінің жалақысы шамамен 50 мың теңге.

– Сонымен қатар, инфляцияның экономикалық сипатын ешкім жойған жоқ, мемлекеттік органдар тауарлар мен азық-түлік бағасының өсуін айтпағанның өзінде, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы монополистер тарифтерді үнемі ұлғайтады. Біздің азаматтарымыздың бұл санаты тіпті ипотека бойынша тұрғын үйге қол жеткізе алмайды және ондаған жылдар бойы жалдамалы пәтерлерде тұрады. Жалақыларына дұрыс киіне алмайды, балаларын асырай алмайды, күнделікті мәселелерді шеше алмайды. Алайда бұл азаматтар біздің мемлекет ретінде жауап беретін мамандарымыз емес пе?! Осындай жалақыға қалай өмір сүрсін? Біз техникалық кадрлардың әлеуметтік саладағы, яғни білім беру, денсаулық сақтау жүйесіндегі, мәдениеттегі мүдделерін қорғау мәселесі мемлекет назарынан тыс қалды деп санаймыз. Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы әлеуметтік саладағы жалақыны көтеру кезінде бір мезгілде техникалық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру қажет деп есептейді. Сондықтан біз әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлеріне қатысты әділеттілік танытуды, жалақыны көтеру кезінде оларды назардан тыс қалдырмауды сұраймыз.

Неліктен біздің осы саладағы мамандарымыз қиналуы керек, олардың да көптеген проблемалары бар емес пе, олар да біздің мемлекетіміздің азаматтары ғой?!  Менің білуімше, осы азаматтардың 90 пайызының шағын несиелері бар, қарызға белшесінен батқан, шығармашылық туындыларын шығаруға қаражаты жоқ, Үкімет тарапынан нақты көмек те жоқ. Аталған факторлар әлеуметтік "жарылысқа" ұласуы мүмкін әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, "Ақ жол" депутаттық фракциясы айтылған мәселеге назар аударуды қажет деп есептейді және аталған санаттағы қызметкерлерді лайықты табыс деңгейімен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарауды сұрайды, – деп мәлімдеді партия мүшесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір