• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:25:12
Алматы
+35°

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалинаның жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, "қызыл" аймақтағы өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушыларды теміржол вокзалы мен әуежайға кіргізу шектеледі.

"Тәуекелі жоғары қауіпті ("қызыл аймақ") өңірлеріндегі әуежайлар ғимараттарына/теміржол вокзалдарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу қамтамасыз етсін" делінген құжатта.

Қаулы 15 сәуірден бастап күшіне енеді.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта Қостанай мен Түркістан облыстары тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір