02 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Aport" сауда орталығының карантинге қарамай жұмыс істеп тұруының себебін түсіндірді.
– Бизнес өкілдерімен күнде кездесулер өтеді. "Aport" сауда орталығында жұмыс істеп жатқандар сол жерден қауіпті індетті жұқтырып жатқанын айтты. Қателеспесем, Қаскелең қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 29-30 наурыз күндері сауда орталығы жабылған. Сосын әр шешім облыстың эпидимологиялық жағдайына қарай қабылданады, – деді ол.
Бүгін 2 сәуір Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен "Қаладағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу шаралары" жөнінде онлайн-брифинг өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір