• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:12:33
Алматы
+35°

Қазақстан "БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жаһандық жоспарын" жүзеге асыруға елеулі үлес қосты. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында хабарлады.

Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықты теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер тобына мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесін дамытуды қолдауға, сондай-ақ қажетті вакцинаны уақытылы және тиімді бағада сатып алуына көмек көрсетуге шақырды. Президент топқа мүше елдердің орнықты инфрақұрылымын ынталдандыру және сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету, цифрлық трансформацияға қол жеткізуіне қолдау көрсету қажеттігі туралы атап өтіп, жеке сектордың қайта қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысу керектігін айтты.

Тоқаев мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шараларға тоқталып, Қазақстан "БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жаһандық жоспарын" жүзеге асыруға елеулі үлес қосқанын және коронавирусқа қарсы күрес кезінде бірқатар шет мемлекеттерге жәрдем бергенін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында вакцина салуға және экономиканы қайта қалпына келтіруге біршама уақыт кетіп, соған сәйкес ұзақмерзімді перспективада оның салдары ондаған жылдар бойына сақталуы ықтимал екені жайындағы болжамын ортаға салды. Оның пікірінше, азаматтардың осал топтарын, елдер мен экономиканы қорғау үшін қазіргі қабылданып жатқан шаралардың барлығы ортақ мүддені көздейді. Мемлекет басшысы мұның дағдарыстан шығатын бірден-бір жол екеніне сенімді және оны халықаралық қоғамдастықтың ортақ міндеті деп санайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев форум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір