• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:15:22
Алматы
+35°

Жаңаөзен тұрғындары әкімдік ғимаратының алдында митинг өткізді. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, митинг 9 наурызда Жаңаөзенде өткен. Әкімдік ғимараты алдына жиналғандар сұйытылған мұнай газы бағасының өсуіне наразылық білдірген.

Қала тұрғындары әкімдік ғимаратының маңына жиналып, биліктен ТМД-дағы бөлшек сауда нарығындағы құнды ретке келтіруді талап еткен.

Жағдайға қаланың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Мұхтарұлы түсініктеме берді. Оның айтуынша, газ бағасын төмендету мақсатында әкімдік жеке кәсіпкерлермен және қаланың газ желісі ұйымдарымен тұрақты түрде кездесу өткізіп тұрады.

– Кәсіпкерлерге газ бағасын көтермеу туралы ақпарат берілді. Қазір бақылау күн сайын жүргізіледі, басқарма бағаның тұрақтылығын бақылау үшін жанармай құю станцияларын күніне екі рет тексереді, – деді Нұрсұлтан Мұхтарұлы.

Бұған дейін Ақтау жүргізушілері осындай мәселеге шағымданған болатын.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Нязов газдың қымбаттауына шекті бөлшек бағаның алынып тасталуы және "көгілдір отынның" аукцион арқылы бөлінуі әсер еткен болуы мүмкін екенін хабарлады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір