• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:42:23
Алматы
+35°

Қызылорда облысында екі медицина қызметкері өткен жылдан бері жалған ПТР сынағын сатумен айналысып келген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

– Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020-2021 жылдары COVID-19 ПТР сынамаларының теріс нәтижелері бар сертификаттарды жүйелі түрде тексерістен өткізбей сатумен айналысқан 2 медицина мекемесінің қызметкеріне қатысты қылмыстық істі тергеуде.

ПТР сынағының сертификаттары әртүрлі мақсаттарда пайдалануға арналған: вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар, шетелге саяхаттайтын адамдар, Байқоңыр қаласына кіретін және тағы басқа, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров. 

Оның айтуынша, медицина қызметкерлері 1 анықтама үшін 7 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алу арқылы Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына пара беру қажеттілігін сылтауратып, азаматтарды пара беруге итермелеген.

– Биыл жыл басталғалы Қызылорда облысының тұрғындарынан ПТР тестінен өткендігі туралы 60 жалған куәлік анықталды. Осылайша, медицина қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде облыс азаматтарының шексіз саны тәуекелге ұшырады. Жедел іздестіру кезінде ПТР COVID-19 сынамаларының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленді, – деді ол. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір