• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қазан, 15:00:14
Алматы
+11°

Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігі жеткілікті мөлшерден асатын зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін автокөлік сатып алуға беру бастамасына пікір білдірді, леп жазады LS  сайты.

 

Министрлік хабарлағандай, салымшылар бүгінде жинағының бір бөлігін баспана жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсай алады. Сондай-ақ өзге компанияларға салуға мүмкіндігі бар.

"Зейнетақы қорындағы ақшаны басқа мақсаттар үшін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылып отырған жоқ" делінген министрлік хабарламасында.

БЖЗҚ-дағы қаражатты жинақ салымы "жеткілікті шектен" асатын, жұмыс істеп жүрген азаматтар ғана ала алады. Олардың саны 530 мыңға жуықтайды.

Министрлік әзірлеген шарттаға сай, 20 жастағы азамат үшін "жеткілікті шек" – 1 млн 720 мың теңге. Осы сомадан асқан қаражатты жоғарыда аталған үш мақсатқа пайдалануға мүмкіндік бар.

Өзге жастағы адамдар үшін "жеткілікті шек" мөлшері төмендегідей:

  • 30 жас – 2 млн 538 мың теңге;
  • 35 жас – 2 млн 961 мың теңге;
  • 40 жас – 3 млн 437 мың теңге;
  • 45 жас – 3 млн 947 мың теңге;
  • 50 жас – 4 млн 495 мың теңге;
  • 55 жас – 5 млн 84 мың теңге;
  • 59 жас және одан әрі қарай – 5 млн 586 мың теңге.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір