АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға заңсыз басып кіргеніне 7 жыл толуына орай мәлімдеме жасады. Байден мәлімдемесі Ақ үй сайтында жарияланды.

"Ресей осыдан 7 жыл бұрын дәл осы күні Қырымға басып кіру арқылы заманауи елдер бір-бірімен байланыс орнатып отырған халықаралық құқық пен норманы бұзып, көрші мемлекет Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты. Құрама штаттар Украина мен оның одақтастарын жанжал басталғалы қолдап кетеді. Бүгін де қолдайды. Бұл қаралы атаулы күнде "Қырым – Украинанікі" деген қарапайым ғана ақиқатты растаймыз. Америка Құрама Штаттары Ресейдің түбекті аннексиялауын ешқашан мойындамайды және біз Украинамен бірге Ресейдің агрессивтік әрекеттеріне қарсы тұрамыз. Біз Ресейді Украинаға жасаған зұлымдығы мен мен агрессиясын жауапқа тарту үшін жұмысты жалғастырамыз" делінген Ақ үй сайты жариялаған ақпараттық хабарламада.

Ресей Қырымды 2014 жылы аннекциялап алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір