Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск твиттерде қызықты жазба жариялауымен танымал. Миллиардер бұл жолы өзіне жазылған сыни твитке тек "баклажан" эмодзимен жауап берді.

Сейсенбі күні Euro Pacific Capital компаниясының бас директоры Питер Шифф өзінің твиттерінде "Илон Маск акционерлердің ақшасынан биткойн сатып алуға 1,5 миллиард доллар ақша жұмсағанын жариялағаннан кейін, #Tesla акциясы 25 қаңтардағы ең жоғары деңгейден 20 пайыз (құлады), ал биткойн сатып алғанын жариялағаннан бері 16 пайыз төмендеді. Ол басқа директорлар үлгі алатындай мысал емес" деп жазды.

Оған Tesla бас директоры оған бір ғана баклажан эмодзимен жауап берді. 

Масктың баклажан эмодзиі 145,8 миллионнан астам "лайк" жинады. Масктың жазылушыларының көпшілігі Tesla бас директорының Шиффке қарсы жауабын қолдаған.

Шифф содан кейін Маскқа "Сіздей интеллектті адамнан мен ойын алаңында еститін жауап емес, неғұрлым ойластырылған жауап күтер едім. Бұл біздің clubhouse-та сұхбатымыз болмайды деген сөз бе?" деп жазды. 

Дегенмен бұдан кейін Масктан жауап болмады.

Илон Маск жақында биткойнның бағасы "жоғары көрінеді" деп жазған твитінен кейін ол әлемдегі ең бай адам атағынан айырылды. Tesla акциялары құлдырап, Маск 15,2 миллиард долларын жоғалтты.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір