NASA-ның "Perseverance" деп аталатын ровері Марсты барлауды әлі бастаған жоқ, дегенмен фотолар түсіріп, Жершарыға жіберіп жатыр.

Ровер Қызыл ғаламшардың Джезеро кратерінде бейсенбі күні бұрын-соңды болмаған керемет кадрларды түсірді. NASA өкілдерінің айтуынша, нәтижелер өте таңқаларлық.
Осы уақытқа дейін роверден келіп жеткен 4700-ден астам сурет жарияланды.
"Деректер көптеп келіп жатыр" деді баспасөз мәслихатында NASA-ның операциялық құрылғылар тобының жетекшісі Джастин Маки.

Маки ровер жіберген фотолардан бұрын-соңды болмаған, тіпті күтпеген ақпараттарды көріп жатқанын айтады.  "Мен Марстан келген фотоларды күн сайын қараймын.  Келіп жатқан фотоларды көргенде, мен шынымен таң қалдым" деген ол ровер жіберген фотолардан ежелгі көл түбіндегі құм төбе, тастар мен биіктігі 200 футтық жартастарды көргенін айтады. Сонымен бірге, ол алда бұдан да таңқаларлық жаңалықтар күтіп тұрғанына сенетінін жеткізді.

Ілмек сөздер: NASA ровер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір